Орталық қызметі
-
«Central Asia K-pop Cover Dance Champion» би сайысының іріктеу кезеңіне өтінім қабылдау және финалдық кезең күні туралы ақпарат ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Apr 22, 2025 ~ May 05, 2025
Корей мәдениет орталығы «Central Asia K-pop Cover Dance Champion» іріктеу кезеңіне өтінім қабылдаудың басталуына 6 күн қалғанын хабарлайды. Қызығушылық танытқан барлық қатысушыларды белсенді қатысуға шақырамыз. Кесте мен орын • Құжаттарды қабылдау: 28 сәуір (дүйсенбі) – 5 мамыр (дүйсенбі) 23:59 (Астана уақытымен) • Нәтижелерді жариялау: 20 мамыр (сейсенбі), Корей мәдени орталығының ресми сайтында (өзгерістер болуы мүмкін) • Финал күні: 2025 жылдың 26 маусымы (бейсенбі), Алматы қаласы * Финалдық көрсетілімге бейнедегі барлық қатысушы мүшелер міндетті түрде қатысуы тиіс. Толық ақпаратты алдыңғы жарияланымнан қараңыз.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 22, 2025 -
KCC Family & Friends of Korea аралық уоркшопы «Сын-тегеурін! Дәстүрлі ойындар чемпионаты» өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 19, 2025
2025 жылғы 19 сәуір (сенбі) күні Корей мәдени орталығы KCC Family және Friends of Korea еріктілеріне арналған дәстүрлі мәдениетке арналған тәжірибелік шараны өткізді. Орталық аумағында өткен бұл шара Корей мәдени орталығының еріктілері «KCC Family» мен Елшілік еріктілері «Friends of Korea» арасындағы өзара байланысты нығайту және корей дәстүрлі мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды. Еріктілер мәдениетке деген қызығушылықтары мен құлшыныстары арқылы еркін түрде пікір алмасып, алдағы мәдени насихат жұмыстары үшін идеялармен бөлісті. Сонымен қатар, олар ханбоктың әсемдігі мен оның астарындағы мағынаны түсініп, жекелей чогори киімінің таспасын байлап көру мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның соңында дәстүрлі корей ойындарынан құралған «штамп-тур» мен корей асханасын дәм тату бағдарламасы арқылы қатысушылар корей мәдениетін толықтай сезіне алды және шара мазмұнды түрде қорытындыланды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 19, 2025 -
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «K-Lit & Treats» іс-шарасы өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 18, 2025
2025 жылғы 18 сәуір (жұма) күні Алматы қаласында орналасқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Корей мәдени орталығының қолдауымен «K-Lit & Treats» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара аясында корей әдебиетін таныстыру, корей өлеңдерін оқу, корей мәдениеті туралы викторина және түрлі бағдарламалар арқылы университет студенттеріне Кореяның әдебиеті мен мәдениеті кеңінен таныстырылды. Бұл шара студенттердің корей әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттырып, корей тілін оқуға ынтаны күшейтті.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 19, 2025 -
SDU University-мен бірлесе «K-pop Dance Contest» іс-шарасы өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 14, 2025
2025 жылғы 14 сәуір (дүйсенбі) күні Корей мәдени орталығы SDU University-мен бірлесіп, Қаскелең қаласында «K-pop Dance Contest» би байқауын ұйымдастырды. Аталған іс-шара SDU университетінің бастамасымен өткізілді. Оған Алматы қаласындағы 10 жоғары оқу орнынан келген K-pop би топтары қатысып, жоғары деңгейдегі қойылымдарымен көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Қатысушылар әртүрлі K-pop әндеріне негізделген кәсіби би өнерін паш етіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Байқау қорытындысы бойынша 1-орыннан 3-орынға дейін жеңімпаз атанған командалар марапат қағазы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар корей мәдениетіне деген қызығушылықтарын ортаға салып қана қоймай, Алматы өңіріндегі жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық пен алмасуды нығайта түсті.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 14, 2025 -
Maqsut Narikbayev University университетінде «Cherry Blossom Festival» іс-шарасы өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 07, 2025
7 сәуір күні (дүйсенбі) сағат 14:00-де Корей мәдени орталығы Maqsut Narikbayev University университетінің «Hangyu» студенттік клубымен бірлесіп «Cherry Blossom Festival» атты іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шарада дәстүрлі ойындар мен шеберлік сабақтардан бөлек, фотоаймақ ұйымдастырылып, қатысушылар Кореяның көктемгі атмосферасы мен дәстүрлі мәдениетін тікелей сезініп көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, іс-шара аясында Кореяда академиялық алмасу бағдарламалары бойынша оқудан өткен студенттердің баяндамалары жасалды. Олардың презентациялары қатысушыларға тәжірибе алмасуға және корей оқу семестрі қалай басталатынымен танысуға мүмкіндік берді.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 07, 2025