Орталық қызметі
-
Сервис және туризм колледжінде өткен «Табиғаттан – кәсіпке: жасыл бастамалар» атты фестиваль-көрмесі ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ May 06, 2025
6 мамыр (сейсенбі) күні Корей мәдени орталығы Сервис және туризм колледжінде өткен «Табиғаттан – кәсіпке: жасыл бастамалар» атты фестиваль-көрмесіне қатысып, студенттерді корей мәдениетімен таныстырды. Колледж студенттері корей асханасындағы әйгілі тағамдар - кимбап пен ттокпоккидің дәмін татып, басқа да корей тағамдарының үлгілері мен ұлттық ойындардың көрмесін тамашалай алды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ May 06, 2025 -
№3 гимназия оқушылары Мәдени орталыққа келді ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 29, 2025
2025 жылғы 29 сәуір (сейсенбі) күні Корей мәдени орталығы Қазақстан халқы күнін атап өту аясында Астана қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушыларын шақырып, корей мәдениетімен танысу бағдарламасын өткізді. Оқушылар Мәдени орталықта қойылған корей асханасы қорабын және мәдениет қорабын тамашалап, сондай-ақ такчичиги, тухо, пэничиги сияқты дәстүрлі ойындар ойнап, ттокпокки дайындауға қатысып, корей мәдениетімен танысты. Корей мәдени орталығы Кореяға қызығушылық танытқан барша адамдар үшін ашық. Алдағы уақытта да сіздердің үлкен қызығушылықтарыңыз бен белсенді қатысуларыңызды күтеміз.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 29, 2025 -
Назарбаев зияткерлік мектебінде «K-pop Festa» іс-шарасы өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 28, 2025
28 сәуірде (дүйсенбі) Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Корей мәдени орталығының қолдауымен «K-pop Festa» шарасы өтті. Іс-шараға дейін Мәдени орталық әлеуметтік желі ивенті арқылы жарық таяқшаларын (light stick) таратып, ханбок кию және дәстүрлі ойындармен танысу сияқты мәдени тәжірибе іс-шараларын ұйымдастырды. Қатысушылар ханбок кию, коңгинори, такчичиги сияқты дәстүрлі ойындар арқылы K-pop-қа деген қызығушылықтарын корей мәдениетімен байланыстырып, корей мәдениетін тереңірек түсіне алды. Басты бағдарлама болып табылатын K-pop би байқауы жоғары деңгейдегі сахналық қойылымдар мен көрермендердің ыстық қолдауының арқасында сәтті өтті.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 28, 2025 -
Harmony School Astana мектебінде «K-Stations Game» іс-шарасы өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 25, 2025
25 сәуір күні (жұма) сағат 15:30-де Корей мәдени орталығы Harmony School Astana мектебімен бірлесе отырып “K-Stations Game” іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында корей тілі сабағына қатысып жүрген жасөспірімдер Корея мәдениетімен танысып, Кореяға деген қызығушылықтарын жалғастыра алуы үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Атап айтқанда, корей туы бейнеленген зырылдауық жасау шеберлік сабағы арқылы мектеп оқушылары Корея Республикасы туының нақты бейнесі мен мағынасын дұрыс түсінуге мүмкіндік алып, іс-шара мазмұнды түрде аяқталды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 25, 2025 -
Сеул әйелдер университетінің таныстырылымы өтті ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Apr 24, 2025
2025 жылғы 24 сәуір (бейсенбі) күні Корей мәдени орталығы Сеул әйелдер университетін шақырып, университетке түсу бойынша таныстырылым ұйымдастырды. Шара барысында университеттің мамандықтары, қабылдау тәртібі, шәкіртақы бағдарламалары және Кореяда білім алу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, қызығушылық білдірген оқушылар мен олардың ата-аналары сұрақ-жауап сессиясына қатысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша толық мәлімет ала алды.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Apr 25, 2025