Орталық қызметі
Корей тілі бойынша 105-ші біліктілік тестіне (TOPIK) тіркеу ақысын төлегендердің тізімі
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJan 29, 2026
- Вложение
Корей мәдени орталығы корей тілі бойынша 105-ші біліктілік тестіне (TOPIK) тіркеу ақысын төлегендердің
тізімін жариялайды.
Бұл тізімге тек төлемі расталған үміткерлер енгізілген. Жарнаны төлегендер ғана 105-ші TOPIK
емтиханына қатыса алады.
* Тізімде қызыл түспен белгіленген үміткерлердің құжаттарында кейбір деректерді нақтылау немесе толықтыру
қажет. Осыған байланысты 30 қаңтар күні сағат 15:00-ге дейін Мәдени орталыққа astana.topik@gmail.com
электронды поштасы немесе +7-7172-901-113 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
(Жұмыс уақыты: 29–30 қаңтар, 10:00–17:00, түскі үзіліс 12:30–13:30)
7-сәуірден (сейсенбі) бастап Мәдени орталықтың сайтынан емтихан өтетін жер, үміткердің тіркелу
нөмірі мен аудиториялар туралы ақпаратты тексеруге болады.
Емтиханға қатысу қағазын 7-сәуірден (сейсенбі) бастап TOPIK ресми сайтынан (www.topik.go.kr)
басып шығаруға болады.
105-ші TOPIK емтиханы 2026 жылғы 12-сәуір (жексенбі) күні өтеді. Жексенбіде – емтиханға келер кезде өзіңізбен
бірге емтиханға қатысу қағазы мен жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын алып келуіңізді сұраймыз.
Рақмет!