바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

105-ші корей тілі бойынша біліктілік (TOPIK) емтиханына тіркелгендер тізімі және тіркеу ақысын төлеу туралы ақпарат (банк арқылы аудару)

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJan 23, 2026
Вложение

Корей мәдени орталығы 105-ші корей тілі бойынша біліктілік (TOPIK) емтиханына тіркелген үміткерлердің тізімін және тіркеу жарнасын банк аударымы жолымен (Kaspi Bank) төлеу тәртібі туралы хабарлайды.

 

Онлайн тіркеу тізімінен өз атыңызды растағаннан кейінтіркеу жарнасын қолма-қол (Корей мәдени орталығынданемесе банк аударымы (Kaspi Bank) арқылы төлеуге болады.

 

1. Тіркеу жарнасын қолма-қол төлеу үшін Корей мәдени орталығына келуіңіз қажетБіздің мекенжайымыз:

 


Корей мәдени орталығы

Астана қ., Иманов көшесі, 13-үй,

"Нұр-Сәулет-2" бизнес орталығы, 1-қабат

тел.: 8-7172-901-113~5


Төлем мерзімі: 2026 жылғы 26 қаңтар (дүйсенбісағат 10:00-ден 27 қаңтар (сейсенбісағат 17:00-ге дейін (түскі үзіліс — 12:3013:30).

 

Тіркеу жарнасы:

→ TOPIK I — 10 000 теңге

→ TOPIK II — 15 000 теңге

 

Қажетті құжаттар:

→ тіркеу жарнасы;

→ 3×4 фотосуреті жапсырылған тіркеу формасы (1 дана);

→ жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі.

Мүгедектігі бар қатысушыларсондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты электрондық құрылғыларды қолдануы қажет тұлғаларға арнайы қолдау сұрау үшін арнайы қолдау көрсету туралы өтініш және дәрігерлік қорытынды (1 данаұсынуы тиіс.

 

2. Банк аударымы — Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы

 

Kaspi мобильді қосымшасында:

 

→ Өңір → Астананы таңдаңыз;

→ «Төлемдер» бөлімінен → «Білім» тармағын таңдаңыз;

→ Іздеу жолағына «Корейский культурный центр Посольства Республики Корея» немесе «Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы» деп жазыңыз;

→ Келесі мәліметтерді толтырыңыз:

→ Оқушының ТАӘ (жеке куәліктегідейқазақша/орысша);

→ Оқушының ағылшынша ТА (жеке куәліктегідей);

→ СанатTOPIK I / TOPIK II;

→ Телефон нөмірі;

Егер төлемді басқа адам жасасаміндетті түрде тапсырушының аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілуі тиіс

→ Сома10 000 тг. (TOPIK I), 15 000 тг. (TOPIK II).

 

 

Төлем мерзімі: 2026 жылғы 26 қаңтар (дүйсенбісағат 10:00-ден бастап 27 қаңтар (сейсенбісағат 14:00-ге дейін.

Көрсетілген мерзімге дейін немесе мерзім өткеннен кейін төленген емтихан ақысы үшін Мәдени орталық жауапкершілік алмайды. Төлем тек белгіленген уақыт аралығында жасалуы тиісҚате аударылған қаражат қайтарылмайды.

 

Тіркеу формасы алдын ала толтырылыпбасылып шығарылыпқол қойылып, 3×4 фотосурет жапсырылыптөлем түбіртегімен және жеке куәлітктің көшірмесімен бірге электрондық поштаға жіберілуі тиіс. (Форманы үйде толтырыпалдын ала дайындау ұсынылады)

 

Төлем жасағаннан кейін төмендегі құжаттарды astana.topik@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет:

1. Аударым түбіртегі.

2. Тіркеу формасының сканерленген нұсқасы (осы парақшада жүктеп алуға болады).

3. Жеке куәліктің көшірмесі.

 

Хат тақырыбы міндетті түрде келесідей болу керек:

→ 105th TOPIK Application (TOPIK I/ (ТА ағылшынша));

→ 105th TOPIK Application (TOPIK II/ (ТА ағылшынша)).

 

Маңызды ескертпелер:

Төлем жасау құқығы тек онлайн тіркеуден өткендерге беріледіЕгер тіркелгеннен кейін жарна төленбесекелесі емтиханға тіркелу мүмкін болмайды.

Бір адам тек бір тапсырушы үшін төлем жасай аладыТоптық төлем қабылданбайды.

Қазақстан азаматы болып табылмайтындар төлқұжат көшірмесін қоса ұсынуы тиіс.

Төлем фактісін растау 2026 жылғы ақпаннан (сейсенбікейін жарияланатын төлеушілер тізімі арқылы жүзеге асады.
Тізімде қызғылт сары түспен белгіленген өтініш қатысушылар 23 қаңтар сағат 17:00-ге дейін Мәдени орталықтың TOPIK тіркеу поштасына (astana.topik@gmail.com) немесе телефонына (+7-7172-901-113) хабарласуын сұраймыз. (Түскі үзіліс: 12:30–13:30)