Орталық қызметі
Корей тілі мұғалімдері тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯOct 14, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ29 Hit
- Вложение
Корей мәдени орталығы 2026 жылдан бастап іске қосылатын корей тілі курстарын қолдау жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен корей тілі мұғалімдерін іріктейді.
1. Қойылатын талаптар
• (Міндетті) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан аумағында тұратын тұлға (шетел азаматы болған жағдайда – тұру мәртебесін растайтын құжат ұсыну қажет);
• (Міндетті) Корея тілі бойынша біліктілік емтиханы (TOPIK) 5-деңгейден жоғары (2021 жылғы қазан айынан кейін алынған сертификаттар қабылданады);
• (Қосымша) Корей тілін оқыту тәжірибесінің болуы;
• (Қосымша) Шетелдегі өкілдіктерде немесе мәдени мекемелерде жұмыс тәжірибесінің болуы.
2. Міндеттері мен жұмыс мазмұны
• Оқыту саласы: корей тілі;
• Жұмыс орны: үміткер тұратын қаладағы корей тілін оқыту бағдарламасына қатысушы мектептер (кейін хабарланады);
• Сабақ басталуы: 2026 жылдан бастап;
• Оқу мерзімі: бір семестр шамамен 15 апта, 40–80 сағат көлемінде;
• Сабақ уақыты: 10:00–18:00 аралығы.
3. Еңбек ақысы
• Сағаттық төлем: 12–15 АҚШ доллары (біліктілік пен тәжірибеге байланысты).
4. Қажетті құжаттар
• Түйіндеме, TOPIK сертификаты, еңбек өтілін растайтын анықтама (нақты міндеттері көрсетілуі тиіс);
• Файл атауы: 한국어강사_Аты-жөні;
• Барлық құжаттарды бір PDF файлға біріктіріп, электрондық хатқа тіркеу қажет.
5. Құжаттарды қабылдау тәртібі мен мерзімі
• Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 қазанға дейін;
• Құжаттарды жіберу мекенжайы: koreanculture@mail.ru;
• Хат тақырыбында міндетті түрде «한국어강사 인력풀 지원(Аты-жөні)» деп көрсету қажет.
6. Қосымша мәліметтер
• Байланыс телефоны: +7 (7172) 901 113, koreanculture@mail.ru;
• Бұл хабарландыру мұғалімдер тізімін қалыптастыруға арналған. Нақты жұмысқа қабылдау корей тілін оқыту жобасы іске қосылған жағдайда ғана жүргізіледі;
• Ұсынылған мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда, үміткердің өтінімі қабылданбауы мүмкін.