Орталық қызметі
Астана қаласында өтетін корей тілі бойынша 102-ші біліктілік емтихан (TOPIK) тапсырушылардың нөмірлері мен ережелері туралы хабарлама
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯOct 13, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ76 Hit
- Вложение
Корей мәдени орталығы корей тілі бойынша 102-ші біліктілік емтиханы (TOPIK) өткізілу орны, тапсырушылардың нөмірлері және маңызды ескертулер туралы хабарлайды.
* Өтетін орын: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия
Тапсырушының нөмірі мен аудитория туралы ақпаратты тіркелген файлдан көре аласыз.
Қосымшадағы ескертпелермен мұқият танысып болғаннан кейін ғана емтиханға қатысқаныңыз жөн.
Басып шығару әдісі:
TOPIK сайтына (www.topik.go.kr) кіріп → «102-емтихан (PBT) қатысу ақпаратын қарау»/제102회 PBT 수험정보 조회 бөлімін басыңыз → емтихан деңгейі мен тапсыратын елді мекеніңізді (басқа елдер/그 외 국가) таңдаңыз, аты-жөніңізді (ағылшынша), жынысыңызды және туған күніңізді енгізіңіз → іздеу нәтижесінен «Басып шығару» (출력) батырмасын таңдаңыз.
*Егер қатысу ақпараты шықпай жатса, емтихан деңгейі мен ағылшын тіліндегі аты-жөніңіздің дұрыс енгізілгенін (аты мен тегі орнының ауысып кетпеуі, бас және кіші әріптер дұрыстығы т.б.) тексеріңіз.