Орталық қызметі
102-ші корей тілі бойынша біліктілік (TOPIK) емтиханына тіркелгендер тізімі және тіркеу ақысын төлеу туралы ақпарат (банк арқылы аудару)
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJul 16, 2025
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ251 Hit
- Вложение
Корей мәдени орталығы 102-ші корей тілі бойынша біліктілік (TOPIK) емтиханына тіркелген үміткерлердің тізімін және тіркеу жарнасын банк аударымы жолымен (Kaspi Bank) төлеу тәртібі туралы хабарлайды.
Онлайн тіркеу тізімінен өз атыңызды растағаннан кейін, тіркеу жарнасын қолма-қол (Кәрей мәдени орталығында) немесе банк аударымы (Kaspi Bank) арқылы төлеуге болады.
1. Тіркеу жарнасын қолма-қол төлеу төлеу үшін Корей мәдени орталығына келуіңіз қажет. Біздің мекенжайымыз:
Корей мәдени орталығы | Астана қ., Иманов көшесі, 13-үй, |
Төлем мерзімі: 2025 жылғы 17 шілде (бейсенбі) сағат 10:00-ден 18 шілде (жұма) сағат 17:00-ге дейін (түскі үзіліс — 12:30–13:30).
Тіркеу жарнасы:
→ TOPIK I — 7 000 теңге
→ TOPIK II — 11 000 теңге
Қажетті құжаттар:
→ тіркеу жарнасы;
→ 3×4 фотосуреті жапсырылған тіркеу формасы (1 дана);
→ жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі.
*Мүгедектігі бар қатысушылар арнайы қолдау сұрау үшін арнайы қолдау көрсету туралы өтініш және дәрігерлік қорытынды (1 дана) ұсынуы тиіс.
2. Банк аударымы — Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы
Kaspi қосымшасында:
→ Өңір → Астананы таңдаңыз;
→ «Төлемдер» бөлімінен → «Білім» тармағын таңдаңыз;
→ Іздеу жолағына «Корейский культурный центр Посольства Республики Корея» деп жазыңыз;
→ Келесі мәліметтерді толтырыңыз:
→ Оқушының ТАӘ (жеке куәліктегідей, қазақша/орысша);
→ Оқушының ағылшынша ТА (жеке куәліктегідей);
→ Санат: TOPIK I / TOPIK II;
→ Телефон нөмірі;
→ Сома (егер төлемді басқа адам жасаса, міндетті түрде тапсырушының аты-жөні көрсетілуі тиіс).
Төлем мерзімі: 2025 жылғы 17 шілде (бейсенбі) сағат 10:00-ден бастап18 шілде (жұма) сағат 14:00-ге дейін.
*Көрсетілген мерзімнен тыс жүргізілген төлемдерге Орталық жауапты емес.
Төлем тек белгіленген уақыт аралығында жасалуы тиіс.
Қате аударылған қаражат қайтарылмайды.
Тіркеу формасы алдын ала толтырылып, басылып шығарылып, қол қойылып, 3×4 фотосурет жапсырылып, төлем түбіртегімен және жеке куәлітктің көшірмесімен бірге электрондық поштаға жіберілуі тиіс. (Форманы үйде толтырып, алдын ала дайындау ұсынылады)
Төлем жасағаннан кейін төмендегі құжаттарды astana.topik@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет:
1. Аударым түбіртегі.
2. Тіркеу формасының сканерленген нұсқасы (төменде жүктеп алуға болады).
3. Жеке куәліктің көшірмесі.
Хат тақырыбы міндетті түрде келесідей болу керек:
→ 102nd TOPIK Application (TOPIK I/ (ТА ағылшынша));
→ 102nd TOPIK Application (TOPIK II/ (ТА ағылшынша)).
Маңызды ескертпелер:
* Төлем жасау құқығы тек онлайн тіркеуден өткендерге беріледі. Егер тіркелгеннен кейін жарна төленбесе, келесі емтиханға тіркелу мүмкін болмайды.
* Бір адам тек бір тапсырушы үшін төлем жасай алады. Топтық төлем қабылданбайды.
* Қазақстан азаматы болып табылмайтындар төлқұжат көшірмесін қоса ұсынуы тиіс.
* Төлем фактісін растау 2025 жылғы 24 шілдеден (бейсенбі) кейін жарияланатын төлеушілер тізімі арқылы жүзеге асады.