2025 жылғы шетелдіктерге арналған корей тілі бойынша шешендік өнер байқауы
Korea Times корей тілін әлемге тарату мақсатында екінші рет шетелдіктерге арналған корей тілі бойынша шешендік өнер байқауын өткізеді.
Сілтеме:https://klsc.koreatimes.co.kr/KoreanSpeakingContest_2025eng.html
Қалай қатысуға болады?
1. Корей тілінде лонгформ (2–3 минут) немесе шортформ (1 минутқа дейін) бейнежазба дайындап, оны YouTube-ке жүктеу.
• Жүктеген кезде бейненің тақырыбына #howdykorea хэштегін қосу және оны жалпыға қолжетімді ету міндетті.
2. QR-код арқылы онлайн өтінімді толтырып, жіберу.
Тақырыптар (төмендегілердің бірін таңдаңыз)
Лонгформ санаты
1. Сүйікті корей айдолыңызды, дорамаңызды, фильміңізді, актеріңізді немесе вебтуныңызды таныстыру.
2. Кореяда тұру немесе корей тілін оқу барысында болған күлкілі немесе күтпеген оқиға.
3. Корей мәдениеті мен өз еліңіздің мәдениетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Шортформ санаты
1. Корея мен өз еліңіздің мәдениеті, тағамы, тілі арасындағы айырмашылықтарды салыстыру.
2. Корей дорамалары мен фильмдеріндегі кейіпкерлердің дауысын, сөйлеу мәнерін, екпінін салып, өзін таныстыру.
3. Кореядағы ерекше нәрсе немесе корейлердің өзіндік ерекшеліктері туралы өз ойыңыз.
Қатысу талаптары
• Шетел азаматтары (паспорт бойынша).
• Ана тілі корей тілі емес шетелдегі корей диаспорасының өкілдері.
Өтінім қабылдау мерзімі
Өтінім қабылдау: 10 наурыз (дүйсенбі) – 27 сәуір (жексенбі)
Жеңімпаздарды жариялау: 14 мамыр (сәрсенбі)
Марапаттау рәсімі: 29 мамыр (бейсенбі) (жоспар бойынша)
Жеңімпаздарды анықтау тәсілі: Korea Times басылымы, ресми сайт және Howdy Korea YouTube арнасы арқылы жарияланады.
Шетелде тұратын жеңімпаздар марапаттау рәсіміне онлайн қатыса алады.
Қосымша ақпарат: +82-2-724-2869 / eldorado@koreatimes.co.kr