바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기

Орталық қызметі

Қазақстандағы корей этномәдени бірлестіктерімен 2025 жылы өтетін «Корей кинофестивалі» шарасы аясындағы ынтымақтастық

  • ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯFeb 12, 2025
  • ЧИСЛО ЗАПРОСОВ59 Hit
Вложение

Корей мәдени орталығы 2025 жылы Қазақстандағы корей этномәдени бірлестіктері ұйымдастыратын «Корей кинофестивалі» шарасына берілген өтінімдерді қарастыру нәтижесін хабарлайды.

 

Өтінімдерді қарастыру қорытындысы бойынша Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Орал қалалардағы 5 корей бірлестігі таңдап алынды.

 

Аталған шараға дайындықты жалғастыру мақсатында таңдап алынған корей бірлестіктері өз қаласында кинофестивальді өткізу жоспарын толығырақ сипаттайтын сауалнаманы толтырып жіберуі қажет. Сондай-ақ, көрсетілетін кинофильмді ұсынылған тізімнен таңдауы тиіс. Сауалнама мен фильмдер тізімі қоса беріледі.

 

Өтінімдерді жіберу мерзімі: шара басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын.

 

Сұрақтар бойынша хабарласу: 8 (7172) 90-11-13, koreanculture@mail.ru