Орталық қызметі
КОРЕЙ ТІЛІ БОЙЫНША 96-ШЫ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІ (TOPIK)
- ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯJul 09, 2024
- ЧИСЛО ЗАПРОСОВ511 Hit
КОРЕЙ ТІЛІ БОЙЫНША 96-ШЫ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІ (TOPIK)
Тест күні: 2024 жылғы 13 қазан (жексенбі)
Тесттің түрі
Түрі | Деңгейі | Бағалау |
TOPIK I | 1–2 деңгей | Күнделікті өмірде қарапайым әңгімелерді түсіну және қолдау мүмкіндігі |
TOPIK II | 3–6 деңгей | Экономикалық, әлеуметтік және мәдени терминдерді түсіну және қолдану мүмкіндігі |
Онлайн тіркелу
Тіркелу орын саны | |
TOPIK I | 100 адам |
TOPIK II | 150 адам |
* Жергілікті жағдайға байланысты орын санында өзгерістер болуы мүмкін.
Онлайн тіркеу кезеңі:
- TOPIK I және TOPIK II: 2024 жылғы 19 шілде (жұма), 17:00 бастап
* Тіркеу кезек тәртібімен мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.
Онлайн тіркелу әдісі: Google формалары арқылы(https://forms.gle/trvgwFBWUbyvqbMs7)
- Сілтеме арқылы өту (TOPIK І (1-2 деңгей) немесе TOPIK ІІ (3-6 деңгей) Сілтеме 19 шілде 17:00 Мәдени орталықтың Instagram аккаунтында және сайтта жарияланады) → Сауалнама деректерін толтыру → Фото файлды тіркеу (JPG) 3х4 (құжатқа арналған фото) → Жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжат файлын тіркеу (JPG) (екі тарап)→ Жіберу батырмасын басыңыз.
* Туу туралы куәлік, студенттік билет, көлік карталары т.с.с. жеке куәлік ретінде танылмайды. Құжат ретінде тек жеке куәлік және паспорт танылады.
* Онлайн сауалнаманы толтыру кезінде 3x4 (JPG, PNG) фотосурет 200 кб. аспау керек. (6 ай ішінде жасалған) және жеке куәлік немесе төлқұжатты жүктеу керек.
* Қажетті оқушылар санын тіркеген соң онлайн тіркеу бірден жабылады.
* Онлайн тіркеуді әркім өзі жүргізуі керек. Топтық тіркеуге тыйым салынады.
Онлайн тіркеуден сәтті өту үшін алдын ала дайындаңыз
- Google-дан электрондық пошта қажет (gmail.com)
- Жеке куәлік файлы (міндетті түрде екі тарап) немесе төлқұжат (туу туралы куәлік, студенттік билет және т. б. жеке басын куәландыратын құжат болып танылмайды)
- 6 айдан кешіктірмей түсірілген фотосурет файлы (3х4)
* Егер фотосурет құжат форматына жатпаса, онда тіркеу жойылады.
- Егер дұрыс емес деректер берілсе немесе жеке куәлік, фотосуреттер болмаса, онда бұл жағдайда тіркеу жойылады.
Тіркеу ақысын төлеу және өтінім беру
Тіркеу ақысын төлеу мерзімі: 24 шілде (сәрсенбі) 10:00-17:00 (Түскі ас 12:30-13:30)
* Деңгейге қарамастан тіркеу ақысы бір уақытта өтеді.
Тіркеу ақысын төлеу
- Онлайн тіркеуден өткеннен кейін көрсетілген кезеңде Корей мәдени орталығына келіп тіркеу ақысын төлеу, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін және сауалнаманы қағаз басып тапсыру керек. (Сауалнама онлайн тіркелгендердің тізімімен бірге тіркеледі. Сайттағы сауалнаманы жүктеп алып, алдын-ала толтырыңыз және толтырылған сауалнамамен келіңіз, 3х4 2 фотосуретті алдын-ала сауалнамаға жабыстырыңыз)
- Онлайн тіркеуден өтпеген тұлғалар тіркеу ақысын төлей алмайды.
- Онлайн тіркеуден өткен, бірақ тіркеу ақысын төлемеген адамдарға келесі тестке тіркелуге тыйым салынады.
- Үшінші тұлға тіркеу ақысын төлеуі мүмкін, тек бір адамды тіркеуге рұқсат етіледі. Топ үшін төлем қабылданбайды. Сізден төлемді тапсырусыз жүргізуіңізді сұраймыз.
- Ақша аударымымен немесе картамен төлем қабылданбайды.
Тіркеу ақысы
TOPIK I (1-2 деңгей): 7 000 теңге
TOPIK II (3-6 деңгейлер): 11 000 теңге
- Тіркеу ақысын қабылдау орны: Корей мәдени орталығы (А. Иманов көшесі 13) тел. +7 (7172) 901-113
- Өзіңізбен бірге: жапсырылған фотосуреттері бар толтырылған сауалнама (3х4) - 2 дана, тіркелгені үшін ақша (қолма-қол ақша), жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі болуы тиіс.
- Жеке куәліксіз немесе паспортсыз тестке тіркелу мүмкін емес. Туу туралы куәлік, студенттік билет, көлік карталары және т. б. құжат болып танылмайды. Егер сіз мүгедек болсаңыз, міндетті түрде мүгедектік туралы анықтама тапсырып қызметкерден толтыру үшін қосымша құжат сұраңыз.
- Қазақстан азаматы болып табылмайтын адамдарға шетелдік паспорттың көшірмесі қажет.
Аудиторияңызды тексеру
- Орталықтың сайтында (www.kaz.korean-culture.org)
- Тексеру кезеңі: 2024 жылғы 8 қазаннан бастап
Тест өткізу
- Тест өткізілетін орын: Астана қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназия
Ескерту
- Онлайн тіркеу оқушылардың қажетті саны жиналған кезде көрсетілген уақыттан ерте аяқталуы мүмкін.
- Тестті онлайн тіркеуден өтіп, сауалнаманы және тіркеу ақысын төлеген тұлғалар тапсыра алады
- Тіркеу ақысын төлеуді, фотосуреттерді, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесін және т. б. тапсыруды ұмытпаңыз.