Орталық қызметі
-
2025 жылғы күзгі семестрдің аяқталуына арналған салтанатты рәсім ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Dec 12, 2025
Корей мәдени орталығы 12 желтоқсан (жұма) күні корей тілі мен мәдени курстары бойынша күзгі семестрдің аяқталуына арналған салтанатты рәсім өткізді. Іс-шара барысында 2025 жылдың қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында өткен оқу кезеңінің қорытындысы шығарылды. Күзгі семестр курстарын сәтті аяқтаған түлектерге аяқтау сертификаттары, сондай-ақ «Үздік түлек» және «Үздік нәтиже» марапаттары табысталды. «Үздік түлек» аталымына ие болған қатысушылар оқу барысындағы әсерлерімен қысқаша бөлісті. Іс-шара мәдени курстар тыңдаушыларының дәстүрлі биі, K-POP би қойылымдары және арнайы құттықтау өнер көрсетулерімен толықты. Күзгі семестр курстарын сәтті аяқтаған барлық тыңдаушыларды құттықтаймыз. Алдағы уақытта да Корей мәдени орталығы түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырады.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Dec 12, 2025 -
«KCC Family» жобасының 9-легіне өтінім қабылдау ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Dec 08, 2025 ~ Dec 31, 2025
Корей мәдени орталығы Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты бірге дамытқысы келетін белсенді және бастамашыл жастарды шақырады. KCC Family — мәдени контент арқылы орталық іс-шараларын қолдап, медиа жұмысын күшейтуге атсалысатын жас әрі шығармашыл қатысушылар тобы. Жобаға қатысушыларды құнды мүмкіндіктер мен артықшылықтар күтеді — қатарымызға қосылыңыз! Қызмет бағыттары: • Мерзімі: 2026 жылғы қаңтар – желтоқсан (12 ай) • Міндеттері: Корей мәдени орталығының іс-шараларын ұйымдастыру мен ілгерілетуге қолдау көрсету, бейнетүсірілім және монтаж, әлеуметтік желілерге арналған контент дайындау және т.б. Қатысушылар саны: • Жалпы: 20 адам - Іс-шараларды қолдау тобы — 15 адам - Бейнетүсірілім және монтаж тобы — 5 адам KCC Family қатысушыларына ұсынылатын артықшылықтар: • тағайындау туралы сертификат және қызмет туралы анықтама; • жыл қорытындысы бойынша үздік қатысушыларды марапаттау; • Корей мәдени орталығының іс-шараларына бірінші кезекте қатысу мүмкіндігі; • іс-шараларға қолдау көрсету және бейнетүсірілім/монтаж дайындау бойынша көрсетілген жұмыс үшін сыйақы. Үміткерлерге қойылатын талаптар: • Қазақстан Республикасының азаматы; • 17–30 жас аралығы; • корей мәдениетіне қызығушылық және Корей мәдени орталығының (КМО) іс-шараларына белсенді қатысуға дайын болу; • Астана қаласының тұрғыны. Артықшылық берілетін үміткерлер: • әлеуметтік желілерді белсенді жүргізетіндер (инфлюенсерлер); • бейнетүсірілім және монтаж дағдылары барлар; • КМО жобалары мен еріктілік бағдарламаларына қатысқан тәжірибесі барлар; • корей және/немесе ағылшын тілдерін меңгергендер. Өтініш беру тәртібі: • Қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 желтоқсан (сәрсенбі), 23:59 • Құжат тапсыру: өтінішті koreanculture@mail.ru электронды поштасына жіберу Қоса берілген өтініш формасын жүктеп, толтырып жіберу қажет. Хат тақырыбы және файл атауы: «KCC family 지원(Аты-жөні)». Іріктеу кезеңдері: Кезең Мерзімі Өтініш қабылдау 31.12.2025 (сәрсенбі) 23:59-ға дейін Бірінші кезең нәтижелері 08.01.2026 (бейсенбі) Сұхбат 13.01.2026 (сейсенбі), 10:00–19:00 (жеке сұхбат) Қорытынды нәтиже 14.01.2026 (сәрсенбі) Таныстыру жиыны (발대식) 16.01.2026 (жұма), 18:30 - Уақыт Астана уақытымен көрсетілген. - Сұхбатқа тек құжаттық іріктеуден өткен үміткерлер шақырылады. - Кесте жергілікті жағдайға байланысты алдын ала хабарланбай өзгеруі мүмкін. Талапқа сай келмеген жағдайда іріктеу нәтижесі жойылуы мүмкін. Ескертулер: • Өтініштер тек электронды пошта арқылы қабылданады. - Байланыс деректері немесе фото болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды. • Сұхбатқа немесе таныстыру жиынына қатыспаған үміткерлер іріктеуден өтпейді. Байланыс: • Телефон: +7 7172 901 113-5 • E-mail: koreanculture@mail.ru
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Dec 08, 2025 -
K-Community-мен бірлесіп өткізілген 2025 жылдың қорытынды мерекелік іс-шарасы ДАТА МЕРОПРИЯТИЯ Dec 05, 2025
Корей мәдени орталығы 5 желтоқсан күні (сенбі) сағат 17:00-де K-Community-пен бірлесіп, 2025 жылдың аяқталуына арналған мерекелік шара өткізді. Іс-шара Астана қаласындағы «Aray» мейрамханасында өтті. Мерекеге Астанадан 14 K-қауымдастық, сондай-ақ Алматы, Шымкент және өзге өңірлерден келген 20 команда қатысты. Шараның мақсаты — жыл бойғы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және еліміз бойынша K-Community желісін одан әрі дамыту болды. Бағдарлама «Беу-Айдай» тобының қазақ дәстүрлі музыкасымен және «Мисон» ансамблінің корей дәстүрлі биімен ашылды. Одан кейін 2026 жылға арналған K-Community қолдау бағдарламасы таныстырылып, іріктеу үдерісі мен жоспарланған қолдау бағыттары жөнінде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, 2025 жылғы K-Community жылдық қызметінің таныстырылымы өтіп, Қазақстанда корей мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қосқан белсенді және үздік командаларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Корей мәдени орталығы алдағы уақытта да K-Community-мен ынтымақтастықты кеңейтуді, тұрақты коммуникацияны күшейтуді және бірлескен бағдарламаларды дамытуды жалғастыра отырып, Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды одан әрі жандандыруды жоспарлап отыр.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Dec 05, 2025 -
Корей мәдени орталығы SDUмен бірлесе отырып <K-POP Dance Contest & Cultural Fest> II байқауын өткізді
2025 жылғы 2 желтоқсанда (сс.) Корей мәдени орталығы Қаскелен қаласында орналасқан Сүлейман Демирель университетімен (SDU) бірлесе отырып, «K-POP Dance Contest & Cultural Fest» II байқауын өткізді. Іс-шараға Алматы облысына қарасты 6 жоғары оқу орнының 9 K-POP би тобы қатысып, жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. 1-орынды «Primrose» Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) командасы иеленді, 2-орынды «TeenSpirit» Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің командасы жеңіп алды, 3-орынды «Shadows» Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) командасы қанжығасына байлады. Биылғы жылдың екінші жартысындағы бағдарлама бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда кеңейтіліп, дәстүрлі фотозонадан бөлек Cultural Fest форматы енгізілді. Қатысушылар мен көрермендер ханбок киіп көру, кимбап пен ттокпокки дәмін татуға арналған аймақ, каллиграфия мастер-класстары сияқты түрлі мәдени белсенділіктерге қатысып, корей мәдениетінің бай мазмұнын тереңінен сезіне алды. *Шараға төмендегі университеттердің командалары қатысты: Халықаралық Бизнес университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТ университеті.
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Dec 03, 2025 -
Кореяның дәстүрлі музыка ұлттық орталығының «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ПЕРИОД МЕРОПРИЯТИЯ Nov 20, 2025 ~ Nov 22, 2025
Корей мәдени орталығы Кореяның дәстүрлі музыка ұлттық орталығымен (Кугак) бірлесіп 20 қараша күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында, сондай-ақ 22 қараша күні сағат 17:00-де Алматы қаласындағы Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында «Кореяның музыкасы, биі және әндері» концертін өткізді. Концерт Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Кореяның халықаралық мәдени алмасу қорының (KOFICE) қолдауымен, корей өнерін әлемге танытуды және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат еткен «2025 Touring K-Arts» халықаралық бағдарламасы аясында өтті. Концертке дәстүрлі музыка мен би бойынша «Оннара» ұлттық байқауының лауреаттары қатысты (ұйымдастырушысы – Кореяның дәстүрлі музыка ұлттық орталығы). Орындаушылар ажэн-санджо, пхансори, кагок, халық әндері, шағын құрамдағы аспаптық музыка және заманауи туындыларды ұсынып, корей дәстүрлі өнерінің тереңдігі мен әсемдігін паш етті. Концерттің ерекше кульминациясы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған финалдық нөмір болды. Ақынның екі танымал шығармасы корейдің дәстүрлі музыкалық аспаптары мен қазақтың ұлттық аспаптары — жетіген мен қобыздың сүйемелдеуімен орындалып, Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынастың маңызын айқын көрсетті. ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Астана қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті ▲Алматы қаласындағы «Кореяның музыкасы, билері мен әндері» концерті
ДЕНЬ ОБЪЯВЛЕНИЯ Nov 22, 2025