바로가기 및 건너띄기 링크
본문 바로가기
주메뉴 바로가기
korean cultural
center
korean cultural
center
korean cultural
center
korean cultural
center

    Мәдени орталықтың түрлі шаралары

    Іс-шаралар

    UIB университетімен бірге өткен «Korean–Kazakh Culture Fusion Contest»
    Іс-шаралар UIB университетімен бірге өткен «Korean–Kazakh Culture Fusion Contest»

    Корей мәдени орталығы 11 наурыз күні Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетінде (UIB) «Korean–Kazakh Culture Fusion Contest» іс-шарасын өткізді. Іс-шара UIB университетімен және университет жанындағы «Koreana» корей мәдени клубымен бірлесіп ұйымдастырылды. Байқауға Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарының студенттік командалары қатысып, корей және қазақ мәдениетінің элементтерін үйлестірген шығармашылық өнерлерін ұсынды. Қонақтар үшін арнайы интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Онда корейдің дәстүрлі киімі — ханбокты, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі бас киімдері — сәукеле мен бөрікті киіп көріп, фотозонада естелік суретке түсуге мүмкіндік болды. Сонымен қатар арт-аймақта қазақы ұлттық стильде безендірілген карточкаларға өз есімдерін корей тілінде жазып көруге мүмкіндік жасалды. Бұл шаралар үлкен қызығушылық тудырып, көптеген қатысушыларды тартты. Қатысушылар өлең оқу, театрландырылған қойылымдар, би, ән айту және аспаздық өнер сияқты түрлі шығармашылық жанрлар бойынша өнер көрсетті. Іс-шара Қазақстан жастарына корей мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы мәдени алмасудың жарқын үлгісіне айналды.    

    Назарбаев университетінде «Kazakh-Korean Concert» концерті өтті
    Іс-шаралар Назарбаев университетінде «Kazakh-Korean Concert» концерті өтті

    2026 жылғы 27 ақпанда Корей мәдени орталығы Назарбаев университетінде «Kazakh-Korean Concert» концертін өткізді. Іс-шара университет жанындағы Korean Club студенттік клубымен бірлесіп ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаны NU студенттік ұйымдары өздері әзірлеп, сахналық бөлімді дербес қалыптастырды. Концерт аясында NU Orchestra оркестрінің қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы, дәстүрлі би (Kiye), K-POP биі (YBS), сондай-ақ NU таеквондо клубының көрсетілімдік өнері ұсынылды. Концерт басталмас бұрын университеттің атриумында фотобұрыш, викторина және дәстүрлі ойындар аймағы ұйымдастырылып, келушілердің белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Аталған концерт NU студенттері өздері бастамашы болып ұйымдастырған шығармашылық алаңға айналып, Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасудың маңызын айқындай түсті.

    «My Korea Story» бейнебайқауы
    Іс-шаралар «My Korea Story» бейнебайқауы

    ✨ "My Korea Story" бейнебайқауы ✨ 👉 Тақырыбы: «Кореяға деген сүйіспеншілігім қалай басталды» Кореямен алғашқы таныстықтан бастап, ол жүрегіңізден орын алған сәтке дейін — 📽 өзіңіздің Korea Story оқиғаңызды бейне арқылы баяндаңыз. 📌 Қатысу шарттары • Қатысушылар: Қазақстан азаматтары • формат: тік бейне 9:16 (60 секундқа дейін) • тіл: еркін 📤 Өтінім беру: Google Form арқылы (сілтеме Корей мәдени орталығының Instagram парақшасының сипаттамасында) 🗓 Өткізу мерзімі • бейнелерді қабылдау: 23 ақпан (дс.) – 30 наурыз (дс.) • іріктеудің 1-кезеңі: 31 наурыз (сс.) – 1 сәуір (ср.) → Top-10 бейнені іріктеу • 2-кезең: 2 сәуір (бс.) – 6 сәуір (дс.) → Top-10 бейнелерді Корей мәдени орталығының Instagram және TikTok парақшаларында жариялау → бағалау: 70% — қазылар алқасы + 30% — әлеуметтік желідегі реакциялар (лайк, пікір, қаралым) 📢 Нәтижелерді жариялау: 7 сәуір (сс.) 🏆 Жүлделер 4–10-орын иегерлеріне корей косметикасының жиынтығы табысталады. 🥇 1 орын — Қазақстан–Корея әуе билеті (барып-қайту) 🥈 2 орын — Polaroid камерасы 🥉 3 орын — сымсыз құлаққап ⚠️ Назарларыңызға ұсынылады • қатысушы байқау өтетін барлық кезең бойы Корей мәдени орталығының Instagram парақшасына жазылған болуы міндетті; • бір қатысушы бірнеше бейнежұмыс ұсына алады; • "K meets Q" байқауының алдыңғы жеңімпазы (1 орын) бұл байқауда 1 орын иегері бола алмайды; • көрсеткіштерді жасанды түрде арттыру (накрутка) анықталған жағдайда, қазылар алқасының шешімімен нәтижелер жарамсыз деп танылуы мүмкін.

    Корей тілі курсы

    2026 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
    Корей тілі курсы 2026 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Корей мәдени орталығы 2026 жылғы көктемгі семестрге арналған корей тілі курстарына тіркелу туралы ақпаратты хабарлайды. Оқу мерзімі: 24 қаңтар (сенбі) - 14 мамыр (бейсенбі) 2026 ж. 2026 жылғы 9–14 мамыр аралығында — үлгерімді бағалау емтихандары, 2026 жылғы 15 мамырда — сертификат тапсыру рәсімі өтеді. Сертификат тек үлгерімді бағалаудан өткен жағдайда ғана беріледі. Сондықтан тіркелу барысында осы күндерді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз. Өтетін орны: Корей мәдени орталығы (Астана қ., Иманов к-сі, 13) Қатысу талаптары: 13 жастан бастап (туған күні — 2013 жылғы 24 қаңтар немесе одан бұрын) Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге Жаңа тыңдаушыларға арналған тіркелу тәртібі (1A деңгейі) 1. Қажет болған жағдайда деңгей анықтау емтиханынан өту 2. Корей мәдени орталығына келіп, өтініш формасын толтыру 3. Тіркелу жарнасын төлеу Маңызды ақпарат: • Төлем қабылдау мерзімі: 2025 ж. 20 желтоқсан (сенбі) – 30 желтоқсан (сейсенбі), 10:00–17:00 • ※ Үзіліс уақытында (12:30–13:30) және 20 желтоқсаннан (сенбі) басқа демалыс күндері төлем қабылданбайды. • Төлем тек қолма-қол ақшамен қабылданады (банк аударымы мүмкін емес). • Жаңа тыңдаушылар үшін онлайн тіркеу қарастырылмаған, тіркелу тек Корей мәдени орталығына келіп жүргізіледі. • Орын саны шектеулі, тіркелу алғаш төлем жасағандардан бастап рәсімделеді Қайта тіркелушілерге арналған ақпарат (1B және одан жоғары деңгейлер) 1. Онлайн тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/CTsqsB8qkahXaUVP9 2. Анкетаны толтыру (төмендегі файлдан жүктеп алуға болады) 3. Тіркелу жарнасын төлеу және құжат тапсыру Онлайн тіркелуге қажетті құжаттар: 1. Паспорт формасындағы фото – Өлшемі: 3,5 × 4,5 см – Форматы: JPG немесе PNG – Салмағы: 200 КБ-тан аспауы тиіс 2. Жеке электронды пошта (Gmail) ※ Әр тыңдаушы бір ғана аккаунтты пайдалануы тиіс. Мүмкіндігінше өткен семестрде қолданылған аккаунтты пайдалану ұсынылады. Онлайн тіркелу мерзімі: – 2025 жылғы 19 желтоқсан (жұма), 17:00-ден бастап Тіркелу жарнасын төлеу мерзімі: – 2025 жылғы 20 желтоқсан (сенбі) – 30 желтоқсан (сейсенбі), 10:00–17:00 ※ Үзіліс уақыты: 12:30–13:30 ※ 20 желтоқсан сенбіден басқа демалыс күндері төлем қабылданбайды. ※ Тіркелу жарнасы тек қолма-қол қабылданады (банк аударымы жүргізілмейді). ※ Онлайн өтінім толтырылғаннан кейін жарна белгіленген мерзімде төленбесе, тіркелу жойылады. Орын саны шектеулі. Тіркелу жарнасы төленген ретімен қабылданады. Тіркелу жарнасы: – 20 000 теңге (төлем жасалғаннан кейін қайтарылмайды) – Қолма-қол төлеу ғана мүмкін (банк аударымы қабылданбайды) Деңгей анықтау емтиханы туралы ақпарат King Sejong институтының сертификаты жоқ, басқа мекемелерде оқыған немесе 2 жыл ішінде алынған жарамды сертификаты жоқ кандидаттар 1B және одан жоғары деңгейге тіркелу үшін деңгей анықтау емтиханын өтуі керек немесе алдыңғы деңгейді аяқтағанын растайтын құжат ұсынуы тиіс Емтихан тапсыру мерзімі: – 2025 ж. 20 желтоқсан (сенбі), 10:30–16:30 – 2025 ж. 22–26 желтоқсан, 10:30–16:30 (Үзіліс: 12:30–13:30) ※ Деңгейді анықтау тестіне алдын ала жазылу: Емтиханға Google Forms(https://forms.gle/mSvyukWiq48xRGWt5) арқылы немесе Орталықтың +7-7172-901-113 нөміріне қоңырау шалу арқылы жазылуға болады. Емтиханның ұзақтығы: 30 минут (жазбаша бөлім — 20 минут, ауызша бөлім — 10 минут) ※ Күзгі семестрдің үлгерім бағалауын өтпеген студенттер деңгей анықтау тестіне кіре алмайды. ※ Деңгейді анықтау тесті 1B–3A деңгейлері үшін ғана қолжетімді. Тіркелуге қажетті құжаттар тізімі: 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін – туу туралы куәлік) 2. Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге 3. Паспорттық форматтағы фото - 1A бастапқы деңгейі үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, 200 Кб-тан аспау керек - 1B және одан жоғары деңгейлер үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, JPG/PNG форматында, 200 Кб-тан аспауы тиіс 4. Алдыңғы деңгейдің сертификаты немесе деңгей анықтау тестінің нәтижесі (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін) 5. Тіркеу формасы (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін) (тіркеу формасын төмендегі файлдан жүктеуге болады) Көктемгі семестрдің оқу кестесі — Көктемгі семестрдегі корей тілі курстары тек Корей мәдени орталығы ғимаратында өткізіледі. Тіркелмес бұрын сабақ кестесімен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз. — Егер курсқа тіркелген тыңдаушылар саны 10 адамнан аз болса, тиісті топ жабылуы мүмкін. — Сабақ кестесі Корей мәдени орталығының ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. — Қажет болған жағдайда, өзгерістер туралы ақпарат семестр басталардан кемінде 10 күн бұрын хабарланады. — Сабақ басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде, егер бос орын болса, осы деңгей шеңберінде басқа топқа ауысуға болады. — Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеу жарнасы қайтарылмайды. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 901-113 нөміріне немесе koreanculture@mail.ru электронды поштасына хабарласыңыз.

    2025 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
    Корей тілі курсы 2025 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Корей мәдени орталығы 2025 жылғы корей тілі бойынша күзгі семестрге тіркелу туралы ақпаратты хабарлайды. Оқу мерзімі: 6 қыркүйек (сенбі) - 11 желтоқсан (бейсенбі) 2025 ж. 2025 жылдың 8–11 желтоқсан аралығында – үлгерімді бағалау,2025 жылдың 12 желтоқсанда – сертификат тапсыру салтанаты өтеді. Сертификат тек үлгерімді бағалаудан өткен жағдайда ғана беріледі, сондықтан тіркелу кезінде бұл күндерді ескерулеріңізді сұраймыз. Өтетін орны: Корей мәдени орталығы (Астана қ., Иманов к-сі, 13) Қатысу шарты: 13 жастан асқан тұлғалар (туған күні – 6 қыркүйек 2012 жыл және одан бұрын) Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге Жаңа тыңдаушыларға арналған тіркелу тәртібі (1A деңгейі) 1. Қажет болған жағдайда деңгей анықтау емтиханыінен өту 2. Корей мәдени орталығына келіп, өтініш толтыру 3. Тіркелу жарнасын төлеу – Төлем қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 16–21 тамыз (10:00–17:00); – Үзіліс уақыты: 12:30–13:30, жексенбіде төлем қабылданбайды; – Төлем тек қолма-қол қабылданады (банктік аударым жасауға болмайды); – Жаңа тыңдаушылар тек мәдени орталыққа келіп тіркеле алады, онлайн тіркеу мүмкін емес; – Орын саны шектеулі, тіркелу алғаш төлегендерден бастап жүргізіледі; Қайта тіркелушілерге арналған ақпарат (1B және одан жоғары деңгейлер) 1. Онлайн тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSef4tW7k8R7iKO0c1YZ33C8iO3367l6FEuYSdC-ehyvdUTUQQ/viewform?usp=header 2. Анкетаны толтыру (төмендегі файлдан жүктеп алуға болады) 3. Тіркелу жарнасын төлеу және құжат тапсыру Онлайн тіркелуге қажетті құжаттар: 1. Паспорт формасындағы фото – Өлшемі: 3,5 × 4,5 см – Форматы: JPG немесе PNG – Салмағы: 200 КБ-тан аспауы тиіс 2. Жеке электронды пошта (Gmail) – Әр тыңдаушы тек бір аккаунт қолдануы тиіс – Бұрынғы семестрде қолданған мекенжайды пайдаланған жөн Онлайн тіркелу мерзімі: 15 тамыз (жұма) 17:00 – 20 тамыз (сәрсенбі) 17:00 Тіркелу жарнасын төлеу мерзімі: – 2025 жылғы 16–21 тамыз, сағат 10:00–17:00 – Үзіліс уақыты: 12:30–13:30, жексенбі күні қабылданбайды – Тек қолма-қол төлеу (банк аударымы қабылданбайды) – Белгіленген мерзімде төлем жасалмаса, онлайн өтінім жойылады Орын саны шектеулі, тіркеу төлем жасалған ретпен жүргізіледі Тіркелу жарнасы: – 20 000 теңге (төлем жасалғаннан кейін қайтарылмайды) – Қолма-қол төлеу ғана мүмкін (банк аударымы қабылданбайды) Деңгей анықтау емтиханы туралы ақпарат King Sejong институтының сертификаты жоқ, басқа мекемелерде оқыған немесе 2 жыл ішінде алынған жарамды сертификаты жоқ кандидаттар 1B және одан жоғары деңгейге тіркелу үшін деңгей анықтау емтиханын өтуі керек немесе алдыңғы деңгейді аяқтағанын растайтын құжат ұсынуы тиіс Емтихан тапсыру мерзімі: – 14 тамыз (бейсенбі): 11:00–17:00(үзіліс уақыты: 12:30–13:30) – 18–20 тамыз: 10:00–17:00(үзіліс уақыты: 12:30–13:30) – Емтиханға жазылу үшін +7 (7172) 901-113 нөмірі арқылы 13 тамызға дейін хабарласу қажет – Емтихан ұзақтығы: 30 минут (тыңдалым 5 минут, жазба 20 минут, ауызша 5 минут). ! Маңызды ақпарат – Жазғы семестрдің үлгерім бағалауынан өте алмаған студенттер тест тапсыра алмайды – Емтихан тек 1B–3A деңгейлері аралығында жүргізіледі Тіркелуге қажетті құжаттар тізімі: 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін – туу туралы куәлік) 2. Тіркелу жарнасы: 20 000 теңге 3. Паспорттық форматтағы фото - 1A бастапқы деңгейі үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, 200 Кб-тан аспау керек - 1B және одан жоғары деңгейлер үшін: фото (1 дана), 3,5 × 4,5 см, JPG/PNG форматында, 200 Кб-тан аспауы тиіс 4. Алдыңғы деңгейдің сертификаты немесе деңгей анықтау тестінің нәтижесі (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін) 5. Тіркеу формасы (тек 1B және жоғары деңгейлер үшін) (тіркеу формасын төмендегі файлдан жүктеуге болады) Күзгі семестрдің оқу кестесі — Күзгі семестрдегі корей тілі курстары тек Корей мәдени орталығы ғимаратында өткізіледі. Тіркелмес бұрын сабақ кестесімен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз. — Егер курсқа тіркелген тыңдаушылар саны 10 адамнан аз болса, тиісті топ жабылуы мүмкін. — Сабақ кестесі Корей мәдени орталығының ішкі жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. — Қажет болған жағдайда, өзгерістер туралы ақпарат семестр басталардан кемінде 10 күн бұрын хабарланады. — Сабақ басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде, егер бос орын болса, осы деңгей шеңберінде басқа топқа ауысуға болады. — Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеу жарнасы қайтарылмайды. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 901-113 нөміріне немесе koreanculture@mail.ru электронды поштасына хабарласыңыз.

    Мәдени курстар

    2026 жылғы көктемгі семестрінің мәдени курстарына тіркелу туралы ақпарат
    Мәдени курстар 2026 жылғы көктемгі семестрінің мәдени курстарына тіркелу туралы ақпарат

    Корей мәдени орталығы 2026 жылғы көктемгі семестрінің мәдени курстарына тіркелу туралы хабарлайды. Сабақ өткізу кезеңі: 2026 жылғы 2 ақпан (дүйсенбі) – 14 мамыр (бейсенбі) • 15 мамырға (жұма) салтанатты сертификат табыстау рәсімі жоспарланған. Егер қатысушы қорытынды концертте (шығармашылық қойылымда) өнер көрсетпесе, сертификат берілмейді. Осы талапты тіркелу барысында алдын ала назарға алуыңызды сұраймыз. Өтетін орны: Корей мәдени орталығы Қатысу жасы: 13 және одан жоғары (2013 жылғы 2 ақпанға дейін туғандар) Тіркелу жарнасы: 10 000 теңге Тіркелу тәртібі • Корей мәдени орталығына келіп, өтініш формасын толтыру • Тіркелу жарнасын төлеу Тіркелу жарнасын төлеу мерзімі: 2026 жылғы 14 қаңтар (сәрсенбі) – 23 қаңтар (жұма), 10:00–17:00 ※ Түскі уақытта (12:30–13:30), сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды. ※ Төлем тек қолма-қол қабылданады (банктік аударым мүмкін емес). ※ Орындар саны шектеулі. Қабылдау тіркелу жарнасын төлеу ретіне қарай жүргізіледі. Тіркелу үшін қажетті құжаттар • Жеке куәлік (16 жасқа дейін – туу туралы куәлік қабылданады) • 10 000 теңге тіркелу жарнасы • Фото (пасп. форматы): 3,5 × 4,5 см Сабақ кестесі ※ Жергілікті жағдайларға, оқушылар саны мен оқытушылар құрамына байланысты өзгерістер болуы мүмкін. ※ Тіркелу кезеңі аяқталғаннан кейін төленген жарна қайтарылмайды. Қосымша сұрақтар бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 901-113 koreanculture@mail.ru

    2025 жылғы күзгі семестрдің мәдени курстарына тіркелу туралы хабарландыру
    Мәдени курстар 2025 жылғы күзгі семестрдің мәдени курстарына тіркелу туралы хабарландыру

    Корей мәдени орталығы 2025 жылғы күзгі семестрдегі мәдени курстарға тіркелудің басталғанын хабарлайды. • Курс мерзімі: 2025 жылғы 29 қыркүйек (дүйсенбі) – 11 желтоқсан (бейсенбі) * 12 желтоқсан (жұма) күні — күзгі семестрдің жабылу салтанаты өтеді. Жабылу салтанатында қорытынды қойылымға қатыспаған тыңдаушыларға курсты аяқтағаны жайлы сертификат берілмейді. Осыған орай, көрсетілген күнді алдын ала ескеріп, курсқа тіркелуіңізді сұраймыз. • Өтетін орны: Корей мәдени орталығы • Қатысу талаптары: 13 жастан асқандар (2012 жылғы 29 қыркүйекке дейін туғандар) • Тіркеу ақысы: 10 000 теңге   Тіркелу тәртібі 1. Мәдениет орталығына келіп, өтініш толтыру 2. Тіркеу ақысын төлеу   Тіркеу ақысын төлеу мерзімі: 2025 жылғы 2 қыркүйек (сейсенбі) – 12 қыркүйек (жұма), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. * 12:30-13:30 аралығында, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері төлем қабылданбайды. * Тіркеу ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді (банктік аударым қабылданбайды). • Қатысушылар саны шектеулі (ақы төлеу кезегі бойынша).   Тіркелу кезінде қажетті құжаттар: 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік). 2. Тіркеу ақысы: 10 000 теңге. 3. 3.5×4.5 см сурет.    Оқу кестесі * Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін төлем қайтарылмайды.   Қосымша сұрақтарыңыз болса: +7 (7172) 901-113 (телефон) немесе koreanculture@mail.ru (электронды пошта).

    Мәдениет орталығының жаңалықтары

    Орталық туралы

    • Жұмыс уақыты

      Дс.-бс. 9:00-20:00, Жм. 09:00 - 18:00 (сб., жс. - демалыс күні/қосымша хабарландыруға дейін)

    • Телефон

    KOREA.net