«Кимчини бірге дайындау – үдерістен ләззат алу» іс-шарасы
23 қараша (сенбі) күні Корей мәдени орталығы кимчи дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында негізгі назар кимчи дайындаудың тәжірибелік аспектілеріне аударылды. Қатысушылар шақырылған маманның жетекшілігімен барлық үдерісті меңгерді: пекин орамжапырағын тұздаудан бастап, оны дәмдеуіштермен араластыруға дейін. Бұған қоса, қонақтар K-драмалар мен фильмдерде жиі айтылатын рамён мен кимбап сияқты тағамдарды өз қолдарымен дайындаған кимчимен бірге дәмін татып көрді. Шеберлік сабағының соңында қатысушылар әрқайсысы бір-бір кимчи орамжапырағын алып, оны отбасы және достарының ортасында ләззатпен тұтынуға мүмкіндік алды.
K-Community-мен бірге «Кореяның дәмі мен әсемдігі» шеберлік сабағы
Корей мәдени орталығы қараша айының 22-сі күні (жұма) K-Community корей қоғамдастықтары үшін «Кореяның дәмі мен әсемдігі» шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар кимбап пен такканжон секілді корей тағамдарының дәмін татып көріп, сондай-ақ, дәстүрлі корей қолөнерін үйренді. Атап айтқанда, седеппен айна жасау және ханжи өнерін меңгеру бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Корей асханасы мен қолөнерін таныстыру сабақтары өтіп жатқанда, K-Community мүшелері өзара әңгімелесіп, халык мәдениетін зерттеу қауымдастығы ретіндегі мақсаттары мен құндылықтары туралы пікір алмасты.
Қазақстандық CLAP тобы KBS K-pop World Festival және Music Bank сахнасында өнер көрсетті
2024 жылдың маусым айында Корей мәдени орталығы өткізген K-pop Cover Dance Champion байқауында жеңіске жетіп, «Changwon KBS K-pop World Festival» финалына және «Music Bank» шоуына шыққан 2 адамнан тұратын CLAP тобының өнерін ұсынамыз. Атап айтқанда, KBS-тің «Music Bank» бағдарламасында EVNNE K-pop тобымен бірге TROUBLE әнімен сахнада өнер көрсетіп, өздерінің керемет би өнерін көрсетіп, көзге түсті. Керемет сахналық қойылым үшін тынымсыз еңбек еткен CLAP тобына қолдау мен қошемет көрсетеміз! Video #1: Video #2:
Корей мәдени орталығы K-Pop ойындар мерекесін өткізді
15 қараша (жұма) күні сағат 18:00-де Қазақстандағы жетекші білім беру мекемелерінің бірі Назарбаев Университетінде «K-pop ойындар мерекесі» іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараны Корей мәдени орталығы қазақстандық жастар үшін Назарбаев Университетіндегі корей тілін насихаттап жүрген «NU Korean Club» студенттік клубымен бірлесіп ұйымдастырды. 2015 жылы құрылған студенттік клуб университеттегі корей тілі мен мәдениетін үйретуге бағытталған жалғыз тілдік клуб болып табылады. Іс-шара аясында қатысушылар корей дәстүрлерімен танысып, еркін түрде ойнай алатын «такчичиги» және «юннори» сияқты дәстүрлі корей ойындары ұсынылды. Сонымен қатар, «Enhypen» атты корейлік ерлер тобының арқасында танымал болған әртүрлі корей стильдегі ойындар көрсетіліп, шараға қатысқан студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
КОРЕЙ ТІЛІ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ СӘТТІ АЯҚТАҒАН ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ
Корей мәдени орталығы корей тілінің жазғы семестрінің курстарын аяқтаған түлектер тізімі туралы хабарлайды. Оқушылар тізімі осы хабарландыруға қоса берілген. Курсты аяқтаған-аяқтамағаныңызды растау үшін қосымша файлмен танысуыңызды сұраймыз. Аяқтау туралы сертификаттарды 16 тамызда (жұма күні) өтетін марапаттау рәсімінде, ал рәсімнен кейін мәдени орталықтан алуға болады. Сертификаттарды беру кезеңі: 2024 жылғы 19 тамыз (дүйсенбі) мен 30 тамыз (жұма) аралығында, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін). * Егер сіз белгіленген кезеңде мәдени орталыққа келе алмасаңыз, сертификат берілмейді. * Сертификатты сенімді тұлға арқылы алуға болады. Сертификатты сенімді тұлға арқылы алу үшін, курсты аяқтаған оқушының аты-жөнін, ол оқыған топты және оқушының жеке куәлігін (көшірмесі болуы мүмкін) көрсету қажет.
2024 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТ
Корей мәдени орталығы 2024 жылғы корей тілі бойынша күзгі семестрге тіркелу туралы ақпаратты хабарлайды. Төмендегі хабарландыруды мұқият оқып тіркелуге дайындалуыңызды сұраймыз. ОҚУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ Оқу мерзімі: 2024 жылғы 7 қыркүйек (сенбі) – 2024 жылғы 12 желтоқсан (бейсенбі). * 11-12 желтоқсанда емтихан, 13 желтоқсан күніне курстың аяқталу рәсімі жоспарланған. Курстарға тіркелу кезінде осы күндерді ескеруіңізді сұраймыз. Сабақ орны: Корей мәдени орталығы, Ұлттық академиялық кітапхана. Жас шектеуі: 13 жастан асқандар (2011 жылғы 7 қыркүйекке дейін туылғандар). ЖАҢА ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (1А ДЕҢГЕЙІ) 1. Алдын ала левел тесттен өту (қажет болған жағдайда) 2. Мәдени орталыққа келіп өтінішті толтыру 3. Оқу ақысын төлеу Тіркелу және оқу ақысын төлеу мерзімі: 2024 жылғы 17 тамыз (сенбі) – 2024 жылғы 20 тамыз (сейсенбі) 10:00-ден 17:30-ға дейін. * Түскі үзіліс кезінде (12:30-дан 13:30-ға дейін) және жексенбіде төлем қабылданбайды. * Оқу ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді (банктік аударымдар мүмкін емес). * Жаңа қатысушылар тек мәдени орталыққа жеке келіп тіркеледі. Онлайн тіркеу мүмкін емес. Тіркелу үшін жоғарыда көрсетілген мерзімде орталыққа келу керек. • Орындар саны шектеулі (оқу ақысын төлеу ретімен орындар бөлінеді). Жаңа оқушыларға тіркелу үшін қажетті құжаттар (1А деңгейі) 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік). 2. Оқу ақысы 20 000 теңге. 3. Басып шығарылған фотосурет 3,5 см × 4,5 см (Төлқұжатта қолдануға жарамды сурет болу керек) ӨТКЕН СЕМЕСТРДЕ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТА ОҚЫҒАНДАР ҮШІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (1B ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ) 1. Онлайн тіркеу (Келесі сілтеме бойынша: https://forms.gle/vv5h2r8Z6iNxpR7W7). 2. Өтінішті алдын ала толтыру (сайттан жүктеп алуға болады). 3. Оқу ақысын төлеу және құжаттарды тапсыру. Күзгі семестрге онлайн тіркеу үшін қажетті талаптар: 1. Фотосурет (3,5 см × 4,5 см, jpg немесе png форматында, 200 Кб-тан аспайтын файл). 2. Жеке электрондық пошта (Gmail). * Әрбір студент жеке бір аккаунт пайдалануы тиіс; міндетті түрде өткен семестрде тіркелген аккаунтты пайдалану керек. Онлайн тіркеу мерзімі: 2024 жылғы 16 тамыз (жұма) сағат 17:00-ден 2024 жылғы 19 тамыз (дүйсенбі) сағат 17:00-ге дейін. Оқу ақысын төлеу мерзімі: 2024 жылғы 17 тамыз (сенбі) – 2024 жылғы 20 тамыз (сейсенбі) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. * Түскі үзіліс кезінде (12:30-дан 13:30-ға дейін) және жексенбіде төлем қабылданбайды. * Онлайн тіркеуден кейін оқу ақысы мерзімінде төленбесе, тіркеу күші жойылады. * Орындар саны шектеулі (оқу ақысын төлеу ретімен орындар бөлінеді). Оқу ақысы: 20 000 теңге (оқу ақысы төленгеннен кейін қайтарылмайды). Оқу ақысын тек қолма-қол ақшамен (банктік аударымдар мүмкін емес) төлеу керек. Левел тест туралы ақпарат Sejong институтында курсты аяқтау туралы сертификаты жоқ жаңа студенттер, басқа мекемелерде оқыған студенттер және соңғы екі жылда курс аяқтау туралы сертификаты жоқ студенттер 1B деңгейі және одан жоғары деңгейге тіркелген кезде бұрынғы деңгейдегі сертификатты ұсынуы немесе мәдени орталықта левел тесттен өтуі қажет. Левел тест мерзімі: 2024 жылғы 19 тамыз (дүйсенбі) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін). * Левел тестке жазылу: +7-7172-901-113 нөмірі бойынша телефон арқылы алдын ала жазылу қажет (14 тамызға дейін). Левел тест ұзақтығы: 50 минут (тыңдау 20 минут, оқу 20 минут, ауызша бөлім 10 минут). Тіркелу үшін қажетті құжаттар (1B группасынан жоғары): 1. Жеке куәлік (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік). 2. Оқу ақысы 20 000 теңге. 3. Фотосурет. * 3,5 см × 4,5 см, jpg немесе png форматында (200 Кб-тан аспайтын) паспорттық фотосурет. 4. Алдыңғы деңгейдің сертификаты немесе деңгейлік тестілеу нәтижесі (1B деңгейі және одан жоғары үшін). 5. Толтырылған анкета (1B деңгейі және одан жоғары үшін). * Анкетаны осы хабарландыруға кейінірек қосылатын тіркемеден жүктеп алуға болады. САБАҚ КЕСТЕСІ * Сабақтар Корей мәдени орталығында және Ұлттық академиялық кітапханада өтеді. Өтініш бермес бұрын сабақ кестесін мұқият тексеруіңізді сұраймыз. * Семестр басталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде бір деңгейдегі басқа топқа ауысуға болады (егер басқа группада орын бар болса). * Тіркеу мерзімі өткеннен кейін оқу ақысын қайтару мүмкін емес. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 901-113 телефонына немесе koreanculture@mail.ru электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.
2024 жылғы корей тілі бойынша эссе байқауының жеңімпаздары
Корей мәдени орталығы корей тілі бойынша эссе байқауының жеңімпаздарын жариялайды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Орын Аты Корей тілінде Ағылшын тілінде 1 샤키모바 자리나 Shakimova Zarina 2 김 아리나 Kim Arina 3 아크바이 아미라 Akybay Amira Жеңімпаздар үшін дипломдар мен сыйлықтар, ал қатысушылар үшін - қатысушы сертификаттары мен кәдесыйлар дайындалды. Жеңімпаздар мен қатысушылар өз марапаттарын 15 шілдеден (дүйсенбі) 18 шілдеге (бейсенбі) дейін Корей мәдени орталығына келіп ала алады. * Басқа қалалардың тұрғындарына хабарлама жіберіліп, сыйлықтар пошта арқылы жіберіледі. 2024 жылғы эссе байқауына қатысқан оқушыларға тағы да алғыс айтамыз.
2024 ЖЫЛҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ БОЙЫНША ШЕШЕНДІК ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ КОНКУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Корей мәдени орталығында корей тілі бойынша шешендік өнер байқауының алдын-ала кезеңі өтеді. Күні: 2024 жылғы 12 шілде (жм.) 18:30 Орны: Корей мәдени орталығы Корей тілі бойынша шешендік өнер байқауының алдын ала кезеңінен өткен қатысушыларды жариялайды. № Корей тілінде ТА Ағылшын тілінде ТА 1 샤이무랏 아이음 Shaimurat Aiym 2 예세르케노바 마디나 Yesserkenova Madina 3 코자하노바 아루잔 Kozhakhanova Aruzhan 4 주마바예바 디아나 Zhumabayeva Diana 5 폴라토바 아라이 Polatova Aray * Бұл тізім өтінім беру ретімен жасалған және рейтингке ешқандай қатысы жоқ. * Сөз сөйлеу тәртібі байқау күні айқындалатын болады. Өткен қатысушылармен жеке байланысамыз. Сондай-ақ конкурстан кейін эссе байқауы бойынша нәтижелер жарияланады. Конкурсқа қатысқаны үшін Король Сэджоң Институтының барлық студенттеріне алғыс айтамыз.
Кореядан келген аспазбен корей тағамдары бойынша шеберлік сабағы
Корей мәдени орталығы 5-6 қараша аралығында Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің студенттеріне корей асханасы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына маман ретінде шақырылған Ким Чжон Хёк студенттерге «Жоғары лауазымды қонақтарға арналған корей түскі асы» тақырыбында дәріс өткізіп, теңіз өнімдері мен балдыр қосылған ботқа, корольдік сиыр қабырғалары, күйдірілген күріштен жасалған балмұздақ және хризантема шайы бар дастарханды дайындауды үйретті. Сонымен қатар корей десерттері хотток пен канчжонды таныстырды.
Кореядан келген аспазбен корей тағамдары бойынша шеберлік сабағы
Корей мәдени орталығы 1-қараша(жұма) және 4-қараша(дүйсенбі) күндері Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде корей тағамдары бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабаққа арнайы шақырылған Ким Чжон Хёк мырза «жоғары лауазымдағы қонақтарға арналған корей түскі асы» тақырыбында колледж оқушыларына теңіз балдырынан жасалған ботқа, корольдік қабырға етін қуыру, күйдірілген күріштен жасалған балмұздақ және хризантема шайын қосқан тағамдар кешені бойынша сабақ жүргізді.
Корей мәдени орталығы 2 қараша (сенбі) күні корей асханасы шеберлік сабағын өткізді. Бұл жолғы шеберлік сабағына арнайы шақырылған аспаз Ким Чон Хёк Астанадағы қонақ үйлердің аспаздарына хотток пен оранда канжон корей десерттерінің жасалу жолын үйретіп, корей тағамдары арқылы Корея мәдениетімен таныстырды.
Корей мәдени орталығы 2024 жылғы мәдени курстарға тіркелу туралы хабарлайды. Өтетін кезең: 2024 жылғы 9 қыркүйек (дүйсенбі) - 2024 жылғы 12 желтоқсан (бейсенбі) Өтетін орны: Корей мәдени орталығы Жас шектеуі: 13 жастан жоғары (2011 жылғы 7 қыркүйекке дейін туғандар) Оқу ақысы: 10 000 теңге Тіркелу үшін Мәдени орталыққа келіп, анкетаны толтырып, оқу ақысын төлеу қажет. Тіркеу жарнасын төлеу кезеңі: 2024 жылғы 19 тамыз (дүйсенбі) - 2024 жылғы 5 қыркүйек (бейсенбі) сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін ※ Түскі үзіліс уақыты (12:30-13:30), сенбі және жексенбі – оқу ақысы қабылданбайды. ※ Оқу ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді (банк арқылы аударымдар қабылданбайды). ※ Курсты сәтті аяқтаған жағдайда да оқу ақысы қайтарылмайды. * Орындар саны шектеулі (оқу ақысын төлеу тәртібімен қабылданады). Тіркелу үшін қажетті құжаттар: 1. Жеке куәлік (16 жасқа дейінгі - туу туралы куәлік) 2. Оқу оқысы 10 000 теңге 3. Фотосурет: өлшемі 3,5 x 4,5 см, паспорт форматы (1 дана) Сабақ кестесі Сабақ уақыты Сс./Бс. Сабақ уақыты Дс./Ср. Көпбейінді зал Көпбейінді зал 14:00 – 15:00 Дәстүрлі би (үлкендер группасы) 18:30 – 20:00 K-pop Dance 18:00 – 19:00 Дәстүрлі би (жасөспірімдер группасы) ※ Оқу ақысын тек тіркелу уақыты ішінде ғана қайтаруға болады. Сұрақтарыңыз бойынша +7 (7172) 901-113 нөміріне немесе koreanculture@mail.ru бойынша хабарлассаңыз болады.